Ұялы телефонның адам өміріне әсері

Бұл постым ұялы телефон жайлы болмақ. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін құлақтарына телефон тосып, күндіз-түні тыным таппай сөйлесумен әлек. Бұрын тек қалталы адамдардан ғана көретін болсақ, ал қазір әрқайсысының қолында кемінде екі ұялы телефоннан, тіпті кішкентай сәбилердің өзі қолдарынан ойыншық секілді тастамайды. Қарап отырсақ телефонсыз күніміз жоқ сияқты. Жатсақ та, тұрсақ та, отырсақ та қолымыздан телефонды тастамаймыз. Рас, оның ішінде бізге керекті мәліметтің барлығы бар. Мәселен: күнтізбе, есептеуіш, сағат, суретке түсу, ұнаған әніңді көшіру, тыңдау және т.б. Осы кішкентай заттың көмегінсіз еш нәрсе шеше алмайтын сияқтымыз. Тіпті, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ телефон арқылы тауып аласың. Ұялы телефонның пайдасы да, зияны да бар. Алайда, қаншалықты адам өміріне зиян екенін біле бермейміз. Америкалық мамандардың зерттеген мәліметі бойынша мынандай ақпаратқа көзім жетті.
1. Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды, танымдық көз-қарасы төмендейді. Ашушаң болып келеді, тез шаршап, жүйкесі құриды. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
2. Адамдар пойызда, қоғамдық көлікте, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл дегеніміз адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Мұның соңы мидағы қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Айтайын дегенім, күндіз-түні ұялы телефонмен жүрудің қажеті жоқ. Керек мәліметіңді көргеннен кейін телефонды көз алдынан ысырып қойған абзал. Керісінше, кітап оқып, серуендеп, уақытынды тиімді өткізіп, айналаңдағы адамдарға көңіл бөлгенің жөн. Және де телефонмен сөйлесетін кезде құлаққап (наушник) тағып алған дұрыс екен. Егер де денсаулықтарыңыз бірінші орында тұрса, жазған мәліметімнен ой түйесіздер деп ойлаймын.
Әрі қарай

Ұялы телефонмен араз болып жүрмін

Дұрысын айтсам, контактілерімдегі кейбір таныстарыммен аразбын. 2-3 жігіт бар қашан қоңырау шалсам да «Бұл кім?» деп жауап береді. «Мен ғой, номерімді өшіріп тастағансың ба?» десең «Ой, телефонды жоғалтып алғанмын. Номерлер сонда кетті» деп құтылады. 1 рет жарайды, 2 рет – келістім. Осы күнге дейін аз дегенде 10 рет осылай істеген шығар.
Айтпағым бұл емес. Жалпы мұндайлар көп қой. Араласқысы келмесе ашығын айтса нетті. Мен де намыстанып олардың номерін өшіріп тастадым. Қоңырау шалса «Бұл кім?» дегім келген түрім ғой. Бірақ 1 айдан астам уақыт өтті, әлі хабар жоқ. Тағы «телефонын жоғалтып» алды ма екен, байғұс…
Әрі қарай

Wi-Fi еркекті бедеу қылады


АҚШ-та шығатын «Fertility and Sterility» атты медицина журналының хабарлауынша wi-fi бедеулікке себепші екен. Яғни, wi-fi-лы интернетте көп отырған сайын балалы болу шансың да соғұрлым азаяды. Мұны қалай анықтаған?
Әрі қарай

Трансвестит сөздер

Блог - patick: Трансвестит сөздер

Жынысын өзгертетін сөздер де болады екен. Қазақстанда, мысалы «сотка», «домашка» деген сөздер бар. Жіктейміз:

Сотка — сотовый телефон

Сотовый телефон — алғашқыда, «Он» деген еркек болған. Қазір, ол «Она» болып әйелге айналды.

Мысалы:

Чья сотка? — моя сотка (жен. род);

Чей сотовый телефон? — мой сотовый телефон (муж. род).


Сол секілді қайғылы оқиға «Домашний телефон» сөзінің да басынан өтті. Қазір, бұтына юбка киіп алып, еркектерге қырындап жүр «Домашкамыз»…
Әрі қарай